Өмірді таңда, тәуелділікті емес!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 маусымда Бірлік ауылдық округінде әкім аппаратының мамандары халық арасында нашақорлықтың таралуын алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шара аясында округ тұрғындарына нашақорлық заттардың зияны, оларды қолданудың салдары туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға арналған ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар, округ аумағында наркограффити анықтау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар қоғамда нашақорлыққа теріс көзқарас қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1236626?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді