Абай облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саламындағы 1480 құқықбұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы – мейірім мен сенімнің мекені. Ал сол шаңырақтағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау – қоғамның ортақ міндеті. Абай облысында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда тұр.

👮‍♂️Жыл басынан бері облыс полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған 1480 құқық бұзушылықтың жолын кесіп, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етті. Бұл – жай ғана статистика емес. Бұл – уақытылы көрсетілген көмек, алдын алынған жанжал, қорғалған тағдырлар мен сақталған өмірлердің көрсеткіші.

🚨Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1440 қорғау нұсқамасы шығарылып, 423 азаматқа ерекше талаптар белгіленді. Сонымен қатар қорғау нұсқамасын бұзудың 159, ал ерекше талаптарды сақтамаудың 323 дерегінің жолы кесілді.

Абай облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Мейірбек Нұрекенов бұл бағыттағы жұмыстың басты мақсаты жазалау емес, қауіптің алдын алу екенін атап өтті.

«Әрбір шығарылған қорғау нұсқамасының артында көмек күткен адам, әрбір белгіленген ерекше талаптың артында қайталануы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсаты тұр. Біздің міндет – оқиғаға әрекет ету ғана емес, оның алдын алу. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап келеді», – деді ол.

Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, ол қоғамдағы жауапкершілік мәдениетінің көрсеткіші. Заң мен тәртіп қағидаты орныққан ортада ғана адамдар өзін қауіпсіз сезінеді, ал балалар мейірім мен қамқорлыққа толы ортада өседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236471?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді