Абай облысының полицейлері — ІІМ турнирінің жеңімпаздары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тарихындағы алғашқы бокс турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген құқық қорғау органдарының үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

🇰🇿 Турнир бірнеше күн бойы жоғары деңгейде өтіп, спортшылардың кәсіби шеберлігі мен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Нәтижесінде командалық есепте Абай облысы Полиция департаментінің құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан ІІМ командалары арасында бірінші орынды жеңіп алды. Команда қоржынына екі алтын және бір күміс медаль түсті.

Бұл жеңістің артында қажырлы еңбек, жүйелі дайындық, темірдей тәртіп пен туған өңір намысын абыроймен қорғауға деген зор жауапкершілік жатыр.

Жеңімпаздарды туған жерінде қарсы алу ерекше әсерлі сәттердің біріне айналды. Семей қаласына кіреберісте әріптестері чемпиондарды қарсы алып, арнайы автокеруенмен қалаға бастап келді. Қаланың орталық алаңында спортшыларды ата-аналары, жұбайлары, балалары, жақындары мен қызметтестері күтіп тұрды. Оркестр әуені мен жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласы аясында жеңімпаздарға ерекше құрмет көрсетілді.

Көптеген спортшылар үшін бұл сәт жарыс кезіндегі толқыныстан кем түскен жоқ. Өйткені ең үлкен марапат – медаль ғана емес, туған-туыстың мақтанышы, әріптестердің құрметі және қызмет абыройын лайықты қорғау.

⚜️ Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров спортшыларды жеңістерімен құттықтап, олардың жетістігі бүкіл ұжым үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

– Спорт адам мінезін шыңдап, төзімділікке, тәртіпке және мақсатқа ұмтылуға тәрбиелейді. Бұл қасиеттер әрбір полиция қызметкері үшін аса маңызды. Алдағы уақытта да облыс намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер, – деді департамент бастығы.

ІІМ-нің алғашқы бокс турниріндегі бұл жеңіс – тек спорттық жетістік қана емес. Бұл Абай облысының полицейлері қызметте де, спорт алаңында да жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынын дәлелдеген жарқын көрсеткіш.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236458?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді