Бала күлкісі – болашаққа ашылған кілт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Анашым, сен неге бақыттысың білесің бе?
Себебі сенде біз бармыз…»

⚜️Бұл – бала жүрегінің ең шынайы, ең таза жауабы. Бұл – әлемнің бар жарығын бір ғана күлкімен жарық қылатын балалықтың үні.

Бүгін – 1 маусым, Халықаралық балалар күні. Бұл күн – тек мереке ғана емес, әр баланың қауіпсіздігі, құқығы мен бақытты балалық шағы үшін жауапкершілікті еске салатын ерекше күн.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаментінде де бұл мереке ерекше мәнге ие. Өйткені полиция қызметкерлері үшін ең басты құндылықтардың бірі – балалардың амандығы, олардың алаңсыз күліп өсуі.

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген Абай облысы Полиция департаменті Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасының инспекторы полиция капитаны Ахметалина Диана үшін де бұл күн – жүрекке жақын мереке. Ол үшін әр бала – тек статистика емес, ол – үміт, ол – болашақ, ол – қорғалуға тиіс әлем.

🚔Үйге асығып кіргенде сені күліп қарсы қызы Ахметалина Рамина – өмірдің ең үлкен мотивациясы. Баланың бір ғана «Анашым, сен барсың ғой» деген сөзі – ең ауыр күннің өзін жарық қылатын күш.

Полиция қызметі – бұл тек тәртіп сақтау емес. Бұл – әр баланың жолда қауіпсіз жүруі. Бұл – мектепке барар жолдағы тыныштық. Бұл – әр үйдегі бейбіт таң. Бұл – бала күлкісінің ешқашан үзілмеуі үшін жасалған күнделікті еңбектің көрінісі.

👧Бүгінгі мерекеде біз барлық балаларға тілейтініміз:
Армандарың биік , күлкілерің шынайы, болашақтарың – жарқын болсын!

Ал ата-аналарға айтарымыз: баланың амандығы – қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Полиция – сол жауапкершіліктің әрдайым алдыңғы шебінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді