«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: маңызды мәселе туралы мультфильм арқылы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында Балаларды қорғау күніне орай «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы өтуде.

👮‍♂️Акция аясында полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және балалардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде. Түсіндіру жұмыстарының бір бағыты ретінде арнайы әлеуметтік мультфильм ұсынылды. Онда зорлық-зомбылыққа ешқандай ақтау жоқ екені және әрбір баланың қауіпсіздік, қамқорлық пен сүйіспеншілікке толы ортада өсуге құқығы бар екені қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіледі.

Акцияның басты мақсаты – қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту және ересектердің балалардың тыныштығы мен амандығы үшін жауапкершілігін еске салу.

‼️Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарды зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Кейде дер кезінде жасалған бір қоңырау немесе көмекке жүгіну біреудің өмірін, ал баланың бақытты балалық шағын сақтап қалуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236439?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді