Павлодар ауданының мемлекеттік қызметшілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілермен, әкім аппаратының қызметкерлерімен, сондай-ақ ауданның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен профилактикалық кездесу өтті. Спикерлер Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және облыстық Полиция департаментінің өкілдері қатысып, «Интернет-алаяқтық» және «Жасанды интеллектінің көлеңкелі жағы» атты өзекті тақырыптарда сөз сөйледі.

        Көрнекі танысу үшін тақырыптық бейнематериалдар мен ақпараттық слайдтар көрсетілді. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық қауіпсіздікті дамытуға және киберқылмыстың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1236484?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді