Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау кестесіне сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігінде 2026 жылдың 14 мамыры мен 26 маусымы аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты аудан әкімдігі қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдарыңыз, сондай-ақ ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Сіздерді 2026 жылғы 19 маусым күні сағат 10:00-де өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залы (2-қабат)
Жауап қалдыру