Ақтөбе облысында 11-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе облысында 11-сынып түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау басталды. Мектеп бітірушілер алғашқы емтихан ретінде Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан тапсырды.

Биыл өңір бойынша 10 854 түлек Қазақстан тарихы пәнінен өз білімдерін сынады. Қорытынды аттестаттау орта білім беру курсын аяқтаудың маңызды кезеңі. Ол оқушылардың білім деңгейін бағалап, орта білім туралы аттестат алуына негіз болады.

 Барлық түлектерге емтихандарды сәтті тапсырып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетулеріне, зор сенім мен табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1236482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді