Жалған «отбасылық тариф» — алаяқтардың жаңа айласы ‼️Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды интернет алаяқтарының жаңа тәсілі туралы ескертеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы уақытта алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Отбасылық тарифке қосылыңыз, бос орын бар!» деген мазмұндағы хабарламалар таралуда. Олар азаматтарға ұялы байланыс қызметтерін арзан бағамен пайдалану мүмкіндігін ұсынып, сеніміне кіреді.

❌Үнемді тарифке қосылғысы келген азаматтар хабарлама авторларымен байланысқа шыққан кезде, алаяқтар арнайы сілтеме жібереді. Көп жағдайда бұл сілтемелер вирусты бағдарламалар орнатуға немесе жеке деректерді ұрлауға бағытталған.

📲Сілтемеге кірген сәттен бастап телефон құрылғысының жұмысы бұзылып, алаяқтар смартфондағы жеке мәліметтерге, банк қосымшаларына, әлеуметтік желідегі аккаунттарға және басқа да құпия ақпараттарға қол жеткізуі мүмкін.

Өзіңізді алаяқтардан қорғау үшін:

🔹Бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеңіз;
🔹Күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз;
🔹Жеке және банк деректерін ешкімге бермеңіз;
🔹Қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеңіз;
🔹Телефоныңызға антивирустық қорғаныс орнатыңыз.

🚔Егер күмәнді хабарлама алсаңыз немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

✅Сақ болыңыз! Сіздің қырағылығыңыз – қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236481?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді