ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Облыстық деңгейде жасөспірімдер мен балалар арасында ұйымдастырылған «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айту байқауында Арыс қаласының намысын қорғаған Елеусіз Кәусар «Қобыланды батыр» жыры бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аталмыш байқауда ол өзінің терең білімін, көркем сөз оқу шеберлігін және ұлттық мұраға деген ерекше құрметін көрсете білді.
Нәтижесінде Елеусіз Кәусар ІІІ орын иегері атанып, 200 000 (екі жүз мың) теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен және арнайы дипломмен марапатталды.
Жеңімпазды лайықты жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай табыс пен жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1236310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді