2026 жылғы 10 маусымда Maqsut Narikbayev University (MNU) қабырғасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне «Legal Graph» жобасының функционалдық мүмкіндіктерінің таныстырылымы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таныстырылым барысында жобаның негізгі технологиялық шешімдері көрсетілді, оның ішінде құқықтық нормалардың семантикалық моделі, заңнаманы графтық талдау мүмкіндіктері, сондай-ақ құқық шығармашылығы және құқық қолдану қызметін қолдау үшін жасанды интеллектті пайдалану әлеуеті таныстырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жобаны одан әрі дамыту жөніндегі көзқарастарымен алмасып, «Legal Graph» нәтижелерін әділет органдарының қызметінде практикалық қолданудың перспективалы бағыттарын талқылады, сондай-ақ құқықтық жүйені цифрлық трансформациялау аясындағы ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мүмкіндіктерін белгіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1239296?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді