Алатау шағын ауданында футбол алаңша жаңаша кейіпке енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараздағы «Алатау» шағын ауданындағы №35 тұрғын үйдің маңында заманауи шағын футбол алаңшасын жаңғырту жұмыстары толық аяқталды.

Жаңарған спорт нысаны тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында салынды. Алаңша қажетті спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік талаптарына сай абаттандырылған.

Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға басымдық берілуде. Жаңғырған футбол алаңшасы – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1240963?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді