Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісов 2026 жылғы 5 маусымда Бурабай аудандық мәслихатының кезекті сессиясына қатысып, онда Бурабай ауданының 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту мәселесі қаралды.
Сессия барысында аудан әкімі Садықов Арай Серікбайұлы тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Бурабай ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы алғанда, аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.



Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1240964?lang=ru

Жауап қалдыру