Дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент Абай облысында дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға тиіс дәрілік заттарды рецептсіз босату фактілері анықталатының хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінің 233-бабы 5-тармағы негізінде дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады. Рецептілер қағаз және (немесе) электрондық түрлерде жазып беріледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауының 16-тармағына сәйкес дәрігердің рецептісі бойынша босатуға жататын дәрілік заттар рецептісіз өткізуге жатпайды.

Сонымен қатар фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзғаны, оның ішінде дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептсіз өткізгені үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделгенін хабарлайды:

426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, –жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына бақылауды күшейту және оларды өткізудің белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеу қажет.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1241400?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді