
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру.
Осы бағыттағы жұмыс шеңберінде Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық реттеуге тұрақты негізде талдау жүргізеді. Заңнамадағы қайшылықтар мен олқылықтарды, әкімшілік кедергілерді, сондай-ақ құқық қолдану практикасының біркелкі болмауына және нормалардың әртүрлі түсіндірілуіне алып келетін жағдайларды анықтауға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылу деңгейі мен мемлекеттік органдардың техникалық мүмкіндіктеріне бағалау жүргізіледі. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мен өзара ықпалдасуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен азаматтарға қолайлылығын арттыру мақсатында оларды электрондық форматқа көшіру мүмкіндіктері зерделенеді.
Ағымдағы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған 12 ұсыныс әзірледі. Олардың басым бөлігі жер қатынастары саласына қатысты. Атап айтқанда, ұсыныстар «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін тәртіппен беру», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» және «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметтерін жетілдіруге бағытталған.
Әзірленген бастамалар мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету тетіктерін одан әрі дамытуға, «бір өтініш» қағидатын енгізуге, электрондық өзара іс-қимылды жетілдіруге, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Жүргізіліп жатқан жұмыс мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1241399?lang=ru

Жауап қалдыру