
Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Қалиев, Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Тынышбековпен бірге Мойынқұм ауданында орналасқан «Оргстрой» ЖШС мен «Qazaq Mining Company» ЖШС-не барып, жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлермен кездесті. Кездесу барысында еңбек қатынастары мен әлеуметтік мәселелер бойынша еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1240572?lang=ru

Жауап қалдыру