Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шаған өзені арқылы өтетін көпірде («Орбита» дүкені маңында) деформациялық жіктерді ауыстыру бойынша жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 13 маусым сағат 21:00-ден 2026 жылғы 20 маусым сағат 21:00-ге дейін Конкин көшесінен Айналма жолға дейінгі аралықта Шаған өзені арқылы өтетін жол барлық көлік түрлері, оның ішінде қоғамдық көліктер үшін жабылатын болады.

Ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көліктердің қозғалысына тек сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін екі бағытта келесі көшелер арқылы рұқсат етіледі: Шолохов көшесінен Есенжанов көшесіне, одан әрі Тайманов көшесімен, Доспанова көшесімен, Исатай–Махамбет көшесімен, Даумов көшесімен, қайтадан Исатай–Махамбет көшесі арқылы Жәңгір хан көшесіне дейін.

Саратов қаласы бағытына қозғалыс «Орал – Тасқала» автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады.

Ақтөбе қаласы бағытына қозғалыс Жәңгір хан көшесі мен Айтқұлов көшесінің қиылысынан Меловые Горки кенті маңындағы автожолға шығу арқылы ұйымдастырылады.

Атырау қаласы бағытына қозғалыс Жәңгір хан көшесі мен Айтқұлов көшесінің қиылысынан тікелей жалғасады.

Деркөл және Ынтымақ кенттері бағытындағы қоғамдық көлік қозғалысы туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

Құрметті тұрғындар!

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1240587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді