
Ағымдағы жылдың 11 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасынның қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны енгізу жайлы айтылды. Аталған жоба ашықтықты қамтамасыз етуге, құқық иеленушілердің қызметін автоматтандыруға және салалық қатынастарды оңтайландыруға бағытталатындығы айтылды.
Сонымен қатар, қатысушылар 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституциялық нормаларға тоқталды. Тараптар жаңа заңнамалық базаның мәдениет саласындағы авторлық құқықтарды қорғау және зияткерлік меншік мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған мәселелерге байланысты бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, алдағы уақытта түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде бірлесе жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1240461?lang=ru

Жауап қалдыру