
Ақылды гаджеттерді иемденген: Риддерде ұрлық дерегі ашылды
Риддер қаласының полиция бөліміне электроника дүкенінің сатушы-консультанты тауардың жоғалғаны туралы арызбен жүгінген.
Тергеу барысында ағымдағы жылдың 2 мен 9 мамыры аралығында белгісіз ер адамның сауда сөрелеріне еркін қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланып, 7 дана Яндекс-станция «Алиса» құрылғысын жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды.
Сауда орнына келтірілген материалдық шығын 400 000 теңгеден асты.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы барлық деректер толық ашылып, 46 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды және ол полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады: сауда орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дер кезінде полицияға хабарлаңыздар.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1242478?lang=ru

Жауап қалдыру