«Таза Қазақстан» акциясы: Екібастұзда полиция қоқыс төгуге әрекет жасаған арнайы техниканы ұстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласының көшелері мен маңайында заңсыз қоқыс үйінділерін жоюға бағытталған рейдтер өткізілді. Профилактикалық іс-шараларды табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар ұйымдастырды.

Рейд барысында арнайы техниканы пайдалана отырып, белгіленбеген жерге көп көлемде қалдық төгу дерегі анықталып, жолы кесілді. Полиция қызметкерлері тиісті материалдарды жинап, заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін Экология департаментіне жолдады.

— Қаланың тазалығы мен табиғатқа ұқыпты қарау — әрбір тұрғынның міндеті. Азаматтарды заң талаптарын бұзбауға және қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға шақырамыз, — деп түсіндірді Екібастұз қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1242479?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді