Алакөлде туристік маусым басталды: Абай облысының полицейлері балаларды ата-аналарына аман-есен табыстауда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөлде жазғы туристік маусым басталысымен жағалауда тіршілік жанданып, демалушылар легі күн сайын артып келеді. Дегенмен, демалыс маусымының қызған шағында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

🌊Алакөл жағалауында маусым ашылған екі күннің ішінде балалардың ата-анасынан көз жазып қалу деректері тіркеліп, полицияның үйлесімді жұмысының нәтижесінде аман-есен отбасыларына табысталуда. Қоғамдық тәртіп пен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан тәртіп сақшылары әр аймақты тұрақты патрульдеуге көшкен.

👮‍♂️16 маусым күні Арбат бойынша 6 жасар бала көпшіліктің арасында ата-анасынан адасып кеткен. Оны Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері байқап қалады. Олар баланы туристік полиция бекетіне алып кіріп, жақындарын іздеп, шамамен 10 минут ішінде әкесіне аман-есен табыстаған.

👮‍♂️Екінші жағдайда Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері патрульдеу кезінде түнгі уақытта 2 жасар баланың жалғыз жүргенін байқаған. Тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, рация және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратып, ата-анасын анықтау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде бала да аз уақыт ішінде отбасына табысталды.

Осылайша, Алакөл жағалауында полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсіби жұмысының арқасында балалардың қауіпсіздігі дер кезінде қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1243287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді