Жоба
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
Мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
ҚАУЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31,37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №241 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4) Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының
әкімі А.Бейсекин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-inspekcia/press/news/details/1243872?lang=ru

Жауап қалдыру