Өңірде медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында «Мейірім мен үміт иелері – ақ халатты абзал жандар» атты медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосқан мерекелік жиынды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ашып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өз сөзінде өңір басшысы адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы медицина қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегіне тоқталып, олардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, халық игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген абзал жандарға ризашылығын білдірді.

Салтанатты шара барысында салада ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен 2 маман мемлекеттік наградаға ие болса, 9 қызметкер «Еңбек ардагері» медалімен, 7 адам «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 6 маман «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі 10 қызметкерге тапсырылып, 5 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

Адам жанының арашасы болып жүрген дәрігерлердің, мейіргерлердің және барлық медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетілген мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1244078?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді