Қалалық көпбейінді ауруханасында байқау кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық көпбейінді ауруханасында байқау кеңесінің отырысы өтті

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің қатысуымен қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының кезекті байқау кеңесінің отырысы өтті.

Онда медициналық мекеменің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет қорытындылары сараланды. Кеңес мүшелері негізгі қызмет көрсеткіштерінің орындалуын қарап, ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша есептерді тыңдады. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған даму жоспарының іске асырылу барысы талқыланып, 2026 жылға арналған жоспарға бірқатар нақтылаулар енгізілді.

Күн тәртібінде ақылы қызметтердің бағаларын бекіту, қызметкерлердің жалақысына ынталандырушы үстемақылар белгілеу мәселелері де қаралды. Бұдан бөлек, қатысушылар Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 мамырдағы №92 қаулысымен және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорынның құрылымдық жобасымен танысты.

Талқылау қорытындысы бойынша медициналық ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды. Әсіресе, медициналық көмектің сапасына және пациенттердің өтініш-шағымдарымен жұмыс істеуге басымдық берілді. Аурухана басшылығына шағымдарды қарау үдерісіне бақылауды күшейту, қаржылық тұрақтылық пен рентабельділік мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ ықтимал қаржылық тәуекелдерді жан-жақты талдау тапсырылды.

Отырысқа қатысушылар мекемені жүйелі дамыту мен өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1244076?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді