
ШЫБЫШЫ АУЫЛЫ – ІШІМДІКСІЗ, САУЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ!
✊ Бірлік бар жерде — береке бар!
Кеген ауданы, Жылысай ауылдық округі Шыбышы ауылының тұрғындары тарихи әрі өнегелі шешім қабылдады. Бүгін ауылымызда құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спирттік ішімдіктердің зияны мен зардаптарын алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті.
Жиын барысында ҚР Заңнамасы аясында қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
⚖️ Заң мен Тәртіп — басты бағытымыз!
Ауыл белсенділері, ақсақалдар мен жастар бірлесе отырып, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қолдады. Нәтижесінде, 17 маусымнан бастап Шыбышы ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл» статусын қабылдауға бір ауыздан шешім шығарды!
📢 «Ауыл — ел бесігі. Ал таза, қауіпсіз және салауатты ауыл — жарқын болашақтың кепілі. Шыбышы тұрғындарының бұл қадамы өзге өңірлерге үлгі болады деп сенеміз!» — деп атап өтті құқық қорғау органдарының өкілдері.
Бұл — заң үстемдігі мен халық бірлігінің жарқын көрінісі. Бастамамыз құтты, ауылымыз әрдайым тыныш әрі берекелі болсын! 🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1243394?lang=ru

Жауап қалдыру