
16 маусымда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарованың басшылығымен Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
– әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,
– жұмыс уақытының тәртібі мен қызметтік тәртіп,
– мемлекеттік қызметшілердің Эдеп кодексін сақтау,
– қызметтік қатынастарда харассменттің (қысым көрсету) алдын алу шаралары,
– діни мәселелерге қатысты талаптарды сақтау,
– «Заң және тәртіп» идеологиясы тұжырымдамасы бойынша.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mpz/press/news/details/1245061?lang=ru

Жауап қалдыру