
2026 жылғы 19 маусымда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК ұйымдастырған Іле-Балқаш филиалы РМКК «Қазақстан су жолдары» және «Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС қызметкерлерінің 2026 жылғы мерзімдік медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырысына қатысты. Іс-шара аталған ұйымдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Отырыс барысында мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және кәсіптік аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245062?lang=ru

Жауап қалдыру