Полиция ұйымдастырған шарада спорт пен тәрбие ұштасты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан Республикасы Полиция күні мен 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімі жастар арасында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Шара Наурызбек ауылындағы жазғы балалар лагерінде өтіп, ішкі істер органдарындағы қызметтің беделін арттыруға, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталды.
Аталған шараға лагерьде демалып жатқан 150 бала қатысты.
Балалар арасында көңілді эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Спорттық сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар полиция қызметкерлерінің қолынан грамота және естелік сыйлықтарға ие болды.
Спорттық шарадан кейін тәртіп сақшылары лагер тәрбиеленушілерімен кездесу өткізіп, нашақорлықтың зияны, синтетикалық есірткінің қауіптілігі және құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және спортпен тұрақты айналысуға шақырды.
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің өкілдері мұндай профилактикалық іс-шаралар жазғы демалыс кезеңінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1244521?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді