Сапа стандарттарына сәйкестікті ішкі тексеруді қалай жүргізу керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәріхана ұйымы Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының және осы Стандарттың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тұрақты негізде өзін-өзі инспекциялауды (ішкі тексерулерді) жүргізеді.

Өзін-өзі инспекциялаудың мақсаты – фармацевтикалық қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының және тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарының орындалуындағы сәйкессіздіктер мен кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ түзету және алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Өзін-өзі инспекциялауды уәкілетті тұлға немесе тексерілетін қызметке тікелей қатыспайтын дәріхана ұйымы қызметкерлерінің тәуелсіз тобы жүргізеді. Тексерушілер GPP талаптарының сақталуына объективті баға беруді, сондай-ақ бұрын әзірленген түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі инспекциялауды жүргізу тәртібі тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайтын стандартты операциялық рәсіммен (СОР) белгіленеді. Өзін-өзі инспекциялау бағдарламасы мынадай қызмет бағыттарын қамтуы тиіс:

  • персонал;
  • үй-жайлар, оның ішінде персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар;
  • ғимараттарды күтіп ұстау және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету;
  • өнімді сақтау шарттары;
  • жабдықтар және оларды пайдалану;
  • құжаттама;
  • санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы;
  • қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы;
  • алдыңғы өзін-өзі инспекциялаудың нәтижелері;
  • бұрын әзірленген түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуы.

 

Өзін-өзі инспекциялау аяқталғаннан кейін тексеру нәтижелерін, анықталған сәйкессіздіктерді, комиссияның қорытындылары мен тұжырымдарын, сондай-ақ қажет болған жағдайда түзету және алдын алу іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп рәсімделеді. Есеп тексерілетін қызмет учаскелеріне жауапты қызметкерлер мен дәріхана ұйымының басшылығының назарына жеткізіледі.

Кейінгі өзін-өзі инспекциялау барысында әзірленген іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізіледі және олардың тиімділігі бағаланады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244522?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді