
«Қазыналы Каспий» фестивалі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов, Каспий маңы мемлекеттерінен келген делегация өкілдері және Атырау облысы әкімінің орынбасары «Caspian Royal Fish» ЖШС-нің бекіре өсіру кешенінің жұмысымен танысты.
Қонақтарға кәсіпорынның өндірістік әлеуеті мен заманауи технологиялары таныстырылды. Сумен қамтудың тұйық жүйесі негізінде жұмыс істейтін кешен жылына 100 тонна тауарлы бекіре балығын және 1 тонна азықтық уылдырық өндіруге қауқарлы.
Іссапар барысында қатысушылар балық өсірудің толық циклімен танысып, инкубациялық цехтың, зертхананың, тауарлы балық өсіру және уылдырық дайындау бөлімдерінің жұмысын көрді.
Кәсіпорын өңірдегі акваөсіру саласын дамытуға, бекіре тұқымдас балық қорын сақтауға және ішкі нарықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1245063?lang=ru

Жауап қалдыру