
2026 жылдың 6 маусым күні Сарыкөл ауылдық округі әкім аппаратының қолдауымен «Абай ауылдық клубы» МКҚК ұйымдастыруымен Әйтеке бидің бел баласы, ел тәуелсіздігі жолындағы ісін жалғастырушы Өтебас бидің 350 жылдық мерейтойына орай «Би елге құт» атты аудандық суретшілер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Өтебас бидің ел бірлігін сақтаудағы еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін дәріптеу, сурет өнерін дамыту, өскелең ұрпақты мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.
Өнер додасына ауданның ауылдық округтері мен білім беру ұйымдарынан келген 13 талапкер қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады.
І кезеңде қатысушылар «Туған жерім – тұғырым» тақырыбында алдын ала дайындаған сурет жұмыстарын ұсынып, туған өлкенің табиғаты мен көркем келбетін шығармашылық тұрғыда бейнеледі.
ІІ кезеңде талапкерлер байқау барысында қазақ тарихында елге тұлға болған билердің бейнесін салып, өздерінің суретшілік шеберліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын суреттің мазмұны мен идеясының ашылуы, көркемдік деңгейі, орындау шеберлігі және шығармашылық ерекшеліктері бойынша бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Жарылқасын Аягөз (Абай ауылы);
І орын – Жангелді Еркеназ (Қожабақы ауылы);
ІІ орын – Саха Ақтоты (Жанкент ауылы);
ІІ орын – Ардақұлы Шағатай (Бозкөл ауылы);
ІІІ орын – Кеңесбай Ақтоты (№17 мектеп);
ІІІ орын – Қарасай Бегасыл (№249 мектеп-лицей);
ІІІ орын – Жәнібек Аяна (Лақалы ауылы);
Арнайы номинациялармен:
– Жұмаева Гүлфайруз (Қазалы аграрлы-техникалық колледжі);
– Балабаева Айда (Жанқожа батыр ауылы) марапатталды.
Байқауға қатысқан өзге талапкерлерге белсенділігі мен шығармашылық ізденістері үшін Алғыс хаттар табысталды.
Шара барысында жас суретшілер туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, ұлттық тарих пен рухани мұраға деген құрметтерін өз туындылары арқылы шебер жеткізе білді. Өтебас бидің өнегелі өмірі мен елдік жолын өнер арқылы насихаттаған байқау жас буынның шығармашылық әлеуетін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
Өнері өрге жүзген жас суретшілерге шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1247130?lang=kk

Жауап қалдыру