Алматы облысының полиция қызметкерлері «ASPAN FEST» фестивалінде ауқымды профилактикалық акция өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Aspan Fest фестиваліне қатысып, интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қазіргі қоғамдағы өзекті қауіптердің бірі болып отырған алаяқтық қылмыстарының алдын алу.

Акция барысында полиция қызметкерлері келушілерге алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы түсіндіріп, онлайн-сатып алулар жасау кезінде, банк карталары мен мобильді қосымшаларды пайдалану барысында сақтық шараларын сақтау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар азаматтарға цифрлық қауіпсіздік талаптарын ұстанып, бөгде адамдарға жеке деректерін және растау кодтарын бермеу керектігі ескертілді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі – ақпараттандыру мен құқықтық мәдениет болғандықтан, жастар арасында профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тақырыптық брошюралар, жадынамалар және ақпараттық материалдар таратты. Жалпы профилактикалық жұмыстармен фестивальдің шамамен 10 мың қатысушысы мен қонағы қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1247754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді