Талғар ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған шағын футболдан турнир өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талғар ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық іс-шара полицияның түрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін біріктіріп, адал бәсеке, командалық бірлік және өзара қолдау рухында ұйымдастырылды. Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметтік әріптестікті нығайту және қызметкерлердің дене даярлығы деңгейін арттыру.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жедел басқару орталығы, жедел-криминалистикалық бөлім, уақытша ұстау изоляторы және ақпараттандыру мен байланыс тобы қызметкерлерінен құралған құрама команда иеленді. Екінші орынға Криминалдық полиция бөлімінің командасы ие болса, үшінші орынды Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің командасы жеңіп алды.

Турнир нәтижесінде жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар да анықталды. Үздік ойыншы аталымына Криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі, полиция қатарындағы Абитов Бақыт лайық деп танылды. Үздік қақпашы аталымын кіші инспектор-кинолог, полицияның кіші сержанты Барахан Еркінбек иеленді. Үздік қорғаушы атағы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрахметов Д.-ға берілсе, үздік шабуылшы болып Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Шалданбаев Ринат танылды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Осындай спорттық іс-шараларды өткізу корпоративтік рухты нығайтуға, спорттық дәстүрлерді дамытуға және ішкі істер органдарындағы қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1247743?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді