Көрсетілген фактілер бойынша артық төленген сомаларды өтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде дәйексіз құжаттарды ұсынуды анықтау бойынша жүргізілетін жұмыс туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі жалғандық белгілері бар жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша еңбек өтілі туралы құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылардың жинақтау өтілінің жасанды ұлғаю белгілері бар істеріне тұрақты негізде тексеру жүргізеді.

Тексеру барысында құжаттардың түпнұсқаларын электрондық құжаттармен салыстыру жүргізіледі, мұрағат мекемелеріне сұрау салулар жіберіледі. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі бойынша жарналардытөлеу, ЖК, ШҚ және өзге де ұйымдарды тіркеу туралы құжаттарға сұрау салу жүзеге асырылады.

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында өткен кезеңде Қостанай облысы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылардың барлығы 492 іс макеті тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 2 зейнетақы іс бойынша еңбек өтілі бойынша ұсынылған мәліметтер расталмады. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді тағайындау барысында алушылардың 12 зейнетақы ісі бойынша ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 3 зейнетақы ісі бойынша ұсынылған мәліметтер расталмады, зейнетақы осы мәліметтерді есепке алмай тағайындалды. Зейнетақының артық төленген сомасын ұстап қалу алушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1246901?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді