
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 21-24 маусым аралығында Семей қаласы мен Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде жалпы білім беру үйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV мерейтойлық республикалық Абай оқуларын өткізді.
Республикалық шараға 21 команда құрамында 132 оқушы қатысты.
Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғамы мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Шара барысында Қараауылдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді, оқушылар және олардың жетекшілеріне Бөрлідегі М. Әуезов мұражайына, Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қоса, оқушылар «Еңлік – Кебек» ескерткіші басында «Абай мен Тоғжанның кездесуі» театрландырылған көріністі тамашалады.
Абай оқулары 5 бағыт бойынша өтті: «Абайдың асыл мұрасы» – Абай өлеңдерін және қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу; «Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай, Мағауия Абайұлдарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Әнді сүйсең менше сүй» – Абай мен Шәкәрімнің өлеңдері мен күйлерін орындау; «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» – жас ақындар сайысы; «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай туралы көркем шығармаларында ақын бейнесінің к

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1246902?lang=ru

Жауап қалдыру