
Ағымдағы жылдың 24 маусымында Департамент мамандары Ақмола облысының мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарының басшыларымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында медициналық және фармацевтикалық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Осындай іс-шараларды өткізу денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер туралы медициналық ұйымдарды уақтылы хабардар етуге және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1247561?lang=ru

Жауап қалдыру