
Сіздерді депутаттық корпус атынан кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің аса маңызды тетігі. Оның негізгі қағидаттары – ашықтық, кәсібилік, әдептілік, нәтижелілік және Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бағдарлану.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әрі тиімді қызметі мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы болуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.
Бұл мереке – сіздердің қоғамның, мемлекеттің және әрбір азаматтың игілігі жолындағы жауапты әрі маңызды еңбектеріңізге көрсетілген құрметтің белгісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, принципшілдіктеріңіз және іске адалдықтарыңыздың арқасында мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформалар жүзеге асырылып, билік институттарына деген сенім нығайып, Ақмола облысы мен тұтастай Қазақстан Республикасының дамуына серпін берілуде.
Әрқайсыңыз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, тұрақтылықты нығайтуға және еліміздің одан әрі өркендеуіне қомақты үлес қосып келесіздер.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, әріптестеріңіздің құрметіне және азаматтардың шынайы алғысына бөлене беріңіздер.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, кәсіби жетістіктер, алға қойған міндеттерді табысты жүзеге асыруда толағай табыс және Қазақстан халқына қызмет етудегі қажымас қайрат тілеймін!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1245663?lang=ru

Жауап қалдыру