
СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 🌿
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбыловтың бастамасымен аудан көлемінде «Бір мектеп – бір бақ» және «Бір бақша – бір бақ» жобалары жүзеге асырыла бастады. 🌳
Аталған экологиялық бастаманың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға баулу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту, еңбекке тәрбиелеу арқылы туған жерге сүйіспеншілігін арттыру. 🌿 💚
Сонымен қатар жоба білім беру ұйымдарын көгалдандыру арқылы жасыл орта қалыптастыруды, ата-ана, бала және мектеп арасындағы байланысты нығайтуды, «ата-ана – мектеп – бала» үштігінің ынтымақтастығын арттыруды көздейді.
🌿 Жоба аясында ауданның барлық мектептері мен балабақшаларында көгалдандыру және шағын бақша жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынуда.
Алғашқы іс-шаралар:
📍 Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінде
📍 М. Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде
📍”Балдырған” балабақшасында
📍 МКҚК «Айналайын» бөбекжайында
📍 Ауданның өзге де білім беру ұйымдарында ұйымдастырылуда.
🌱 Білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер көкөніс егу, көшет отырғызу, шағын бақша алаңдарын күтіп-баптау жұмыстарын бастап, еңбек дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеруде.
Іс-шараларға білім беру бөлімінің басшысы Ә. Жамбылов, педагогтер, ата-аналар, ардагер ұстаздар және «Эко қорғаушылар» тобының мүшелері белсенді қатысып, бастамаға қолдау көрсетуде. 👏🌿
🌳 Бұл жоба – тек көгалдандыру жұмысы ғана емес. Бұл – балалардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық сананы қалыптастыратын, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды тәрбие алаңы.
🌍 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!🌱

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247556?lang=ru

Жауап қалдыру