
Павлодар облысында балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған жаңа профилактикалық жоба жүзеге асырылуда. INMART сауда желісімен бірлесіп, 100 мың қаптама пакетке балалар қауіпсіздігі бойынша пайдалы ақпарат қамтылған QR-кодтар орналастырылды.
QR-кодты сканерлеу арқылы өңір тұрғындары балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу жөніндегі ұсынымдармен, сондай-ақ тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерімен таныса алады.
Жоба ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға және әсіресе жазғы демалыс кезеңінде балалар қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1248984?lang=ru

Жауап қалдыру