«Жүкті әйелдер мен балалары бар жұмыскерлерге берілетін еңбек кепілдіктері»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К. Иманғалиевтың халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүкті әйелдерге, балалары бар жұмыскерлерге,  сондай-ақ  бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негізгі еңбек кепілдіктерін сұрақ-жауап ретінде түсіндіреді. 

Бала күтімі демалысындағы қызметкерлердің құқықтары

Бала күтімі демалысындағы қызметкерлерге қандай әлеуметтік кепілдіктер беріледі?

Аналықты,    әкелікті    және балалық  шақты  қорғау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты демалыс рәсім  деген  ата-аналарға (анасына, әкесіне, асырапалушыға) жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына  кепілдік  беріледі.

Мұндай  демалыс  кезеңі еңбек өтіліне  есептеледі. Сонымен  қатар бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

3 жасқа дейінгі бала күтімі демалысын кім рәсімдей алады?
Тек  анасы ғана  емес. Мұндай  демалысты  әкесі, жалғыз  басты  ата-ана, балаға нақты күтім жасайтын жақын туысы немесе асырап алушы рәсімдей алады.

Жүктілікке  және  босануға  байланысты  қандай демалыс беріледі?
Әйелдің  жүктілікке және босануға байланысты ақылы демалыс алуға құқығы бар:

  • босануға дейін – 70 күн;
  • босанғаннан кейін – 56 күн;
  • босану асқынған жағдайда немесе екі және одан да көп бала туған кезде – босанғаннан кейін 70 күн.

Егер жұмыс жүкті әйелдің денсаулығына зиянды болса не істеу керек?
Медициналық қорытынды негізінде жұмыс беруші қызметкерді орташа жалақысын сақтай отырып, жеңіл әрі қауіпсіз жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Жүкті әйелдің мерзімді еңбек шарты ұзартылама?
Иә. Медициналық анықтама мен өтініш ұсынылған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бала күтімі демалысы аяқталғанға дейін ұзартуға міндетті.

Жүкті әйелді түнгі ауысымға немесе үстеме жұмысқа тартуға бола ма?
Жоқ.  Жүкті әйелдер түнгі, үстеме жұмыстарға, сондай-ақ демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға жіберілмейді.

Бала күтімідемалысыкезіндежұмысорнысақталама?
Иә. Қызметкердің лауазымы мен жұмысорны демалыстың бүкіл кезеңінде сақталады.

Бала күтімідемалысы аяқталмай тұрып жұмысқа шығуға бола ма?
Иә. Ол үшін қызметкер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын хабардар етуі қажет.

Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер қарастырылған ба?
Иә. Біржарым   жасқа   дейінгі  балалары  бар қызметкерлерге  баланы   тамақтандыру  үшін  қосымша  ақылы  үзілістер  беріледі.

Ең жиікездесетінқұқықбұзушылықтарқандай?
Ең   көп  таралған  құқық бұзушылықтар:

  • жүктілікке   байланысты  жұмысқа   қабылдаудан бас тарту;
  • жұмыстан   шығуға   мәжбүрлеу;
  • заңсыз   қысқарту;
  • бала күтімі   демалысын  беруден  бас  тарту;
  • толық  емес  жұмыс  уақытын   белгілеуден бас тарту;
  • бала күтімі   демалысынан   кейін   қызметкерді   жұмысқа   қайта   қабылдаудан бас тарту.

Еңбекқұқықтарыбұзылғанжағдайдақайдажүгінукерек?
Жұмыс   беруші   орналасқан  жердегі   мемлекеттік  еңбек   инспекциясының   аумақтық    департаментіне    жүгіну  қажет.

Маңызды:  Заң     жүкті    әйелдердің, ата-аналардың     және   балаларға    күтім   жасайтын    адамдардың    құқықтарын   қорғайды. Жұмыс    беруші   еңбек   заңнамасында    көзделген    кепілдіктерді    сақтауға    міндетті.

https://www.facebook.com/share/v/1GvrVDw5QE/

https://www.instagram.com/reel/DaDM8H2B0KY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1248985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді