28 маусым-Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті журналистер қауымы! Қадірменді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Баршаңызды еліміздегі елеулі де мерейлі мереке – журналистер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды саланың майталман мамандары. Қай уақытта да ұлт мүддесін жоғары қойып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде де журналистер қауымының үлесі аса зор. Ақпарат айдынында үздіксіз ізденіс пен шынайылықты ту еткен журналистер қауымының еңбегі әрқашан құрметке лайық. Қоғамның айнасы болып, халық пен билік арасындағы алтын көпірді нығайта беріңіздер! Қаламдарыңыз ұшқыр, жаңалықтарыңыз тек жағымды болсын!
Біздің ауданымызда да жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүрген Сіздерге ақпарат саласындағы қажырлы да жемісті еңбектеріңіз үшін аса зор алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт пен толағай табыс тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1249599?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді