Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 5 мамырда аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, аудандық мәслихат депутаттары – тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері қатысты. Шақырылғандар: экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сәкенов Әли Талғатұлы, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері.
Күн тәртібіне сәйкес түсіндірме жазбалармен Андреевка, Бақы, Бородулиха, Дмитриевка, Жезкент, Краснояр, Құнарлы, Новодворовка, Новопокровка, Новоя-Шульба, Петропавловка, Подборный, Степной ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаулы етті: ұсынылған жобалармен келісілсін, аталған жобалар Бородулиха аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясының қарауына енгізілсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1249598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді