
Конго-Қырым геморрагиялық қызба бойынша шартты науқасты қабылдау кезінде шұғыл әрекет ету Симуляционды жаттығу өткізу
Алматы облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында 26 маусымда сағат 09:00-де Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша шартты науқасты қабылдау кезіндегі шұғыл әрекет ету бойынша симуляциялық оқу-жаттығу өткізілді.
Осы іс-шараға аудандық (қалалық) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиолог мамандары, аудандық (қалалық) медициналық ұйымдарының госпитальдық эпидемиолог дәрігерлері мен инфекционист дәрігерлері, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Алматы облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Алматы облысының «Ветеринария басқармасы», «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» мекемесі филиалының өкілдері қатысты.
Ұйымдасқан ұжымдарда және үй ошақтарында КҚГҚ бойынша диагностика, емдеу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізу мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында тестілеу өткізілді.
Симуляциялық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер қаралып, нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1249501?lang=ru

Жауап қалдыру