Прокуратура мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының Арал ауданы прокуратурасыменденсаулық сақтау саласына жүргізілген талдау барысында мүгедектігібар азаматтарға медициналық көмек көрсетуде бірқатар заңбұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, бейінді мамандармен созылмалы аурулары бар азаматтарды жоспарлы қарап-тексеру талаптары сақталмаған. Нәтижесінде 264 мүгедектігі бар азаматқа (оның ішінде 81 кәмелеткетолмағанға) тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген.

Сонымен қатар, аудан бойынша ангиохирург маманыныңболмауына байланысты 38 азамат қажетті медициналық қарауданөтпеген.

Аталған фактілер мүгедектігі бар азаматтардың тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарыныңбұзылуына әкеп соққан.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша тиісті шараларқабылданып, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

Азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтыңсақталуы прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1249996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді