Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді

 

2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Рудный қаласы әкімдігі ғимаратының № 224-кабинетінде Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

 

Сессия қарауына енгізілген негізгі мәселелер:

  1. Мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 208 «Рудный қаласын басқару сұлбасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
  5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
  6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
  7. Көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару жөніндегі консультациялық-кеңесші ведомствоаралық арнайы комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.
  8. Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның жеке құрамын бекіту туралы.
  9. Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.

 

Анықтама телефоны 8 (714-31) 3-93-18, 8 (714-31) 4-56-37(қос.1)

 

Сессияның онлайн көрсетілімін Рудный қалалық мәслихатының Instagram @maslihat.rdn әлеуметтік желісінен көруге болады https://www.instagram.com/p/DaDHSLltGH1/?igsh=MWo3cW9hMzI5dG84Yw==

 

 Сессияның онлайн көрсетілімін Instagram @rudny_official әлеуметтік желісінен көруге болады  https://www.instagram.com/rudny_official?upcoming_event_id=18079500068264947

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/1248667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді