
Таразда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 32 шақырымнан асатын 11 көшеде жол таңбалары жаңартылды. Атап айтқанда, Жібек жолы және Жалпақтөбе көшелерінде (Балуан Шолақ көшесінен қала шекарасына дейін), Самарқанд көшесінде (Жібек жолы көшесінен Абай көшесіне дейін), Демьян Бедный көшесінде (Самарқанд көшесінен Абай көшесіне дейін), Абай көшесінде (теміржол көпірінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін), А.Байтұрсынұлы көшесінде (Абай көшесінен Лұқманов көшесіне дейін), Лұқманов көшесінде (А.Байтұрсынұлы көшесінен Ақылбеков көшесіне дейін), Пірманов көшесінде (А.Байтұрсынұлы көшесінен Аппаев көшесіне дейін), Толстой көшесінде (Пірманов көшесінен Лұқманов көшесіне дейін), Жангелдин (Тектұрмас) көшесінде (Жібек жолы көшесінен Тектұрмас тұрғын алабына дейін), «Ұлы дала» шағын ауданында (Сүлейменов көшесінен Пушкин көшесіне дейін) және Көшек батыр көшесінде (Телжан Шонанұлы көшесінен Жамбыл даңғылына дейін) жол таңбалары сызылды.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жалпы ауданы 1260,6 шаршы метрді құрайтын 51 жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбалары жаңартылды. Оның ішінде 37 өткелге арнайы жол бояуы қолданылса, 14 өткелге суық пластиктен жасалған таңбалар салынды.
Жаңартылған жаяу жүргіншілер өткелдері Қант зауыты, Қарахан, теміржол вокзалы, Залиния тұрғын алабы және «Ұлы дала» шағын ауданы аумақтарында орналасқан.
Суық пластиктен салынған жол таңбалары негізінен білім беру ұйымдарының маңында жүргізілді. Атап айтқанда, қаладағы 13 мектептің жанында және Демьян Бедный көшесіндегі емхана алдында жаңартылды.
Жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жоспарға сәйкес алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1249585?lang=ru

Жауап қалдыру