Жаз мезгілі – демалыс пен табиғат аясында уақыт өткізудің ең қолайлы кезеңі. Аптап ыстық күндері Жетісу облысының тұрғындары су айдындарына жиі барып, ал Талдықорған қаласының тұрғындары бос уақыттарын қалалық жағажайда өткізеді. Алайда жайлы демалыс қайғылы жағдайларға себеп болмауы тиіс.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп жаппай демалыс орындарында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер өткізуде. Мамандар азаматтарға суда қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түсу адамның өміріне үлкен қауіп төндіретінін ерекше ескертеді. Аптап ыстықта спирттік ішімдіктерді пайдалану есінен тану және өзге де қауіпті жағдайлардың туындау қаупін едәуір арттырады.
Сонымен қатар демалушыларға белгіленген қалқыма белгілерден (буйлардан) ары жүзбеу, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жағажай тазалығын қамтамасыз етіп, қоқысты арнайы орындарға тастау қажеттігі ескертіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1248592?lang=ru

Жауап қалдыру