
30.06.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жиі кездесетін заң бұзушылықтар, сондай-ақ олардың алдын алу және жол бермеу шаралары қарастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау, қызмет алушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ лауазымды адамдардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және алдағы қызмет барысында заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1250681?lang=ru

Жауап қалдыру