
Заң және тәртіп қағидатын ілгерілету мақсатында Әкімшілік бөлімінің бас маманы Ж.Алуадинқызымен мемлекеттік қызметшілерге арналған «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптары» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормалары, тәртіптік жауапкершілік мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптары және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың негізгі қағидалары түсіндірілді.
Сондай-ақ, қызметтік тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, заң талаптарын сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1250680?lang=ru

Жауап қалдыру