
Жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қағидаларын сақтауы – жол-көлік оқиғаларының алдын алудағы маңызды факторлардың бірі. Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер және жол қозғалысының өзге де қатысушылары белгіленген талаптарды орындау арқылы өз қауіпсіздігін ғана емес, айналасындағылардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Абай облысында жүргізілген бақылау нәтижесінде жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы қағидаларын бұзуына байланысты 1913 деректің жолы кесілді. Бұл құқық бұзушылықтарға жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту және жол қозғалысы қағидаларының өзге де талаптарын сақтамау жатады.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол бермеу фактілері бойынша 1219 жағдай орын алған. Мұндай құқық бұзушылықтар жолдағы қауіпсіздікке кері әсерін тигізіп, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады.
Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – барлық қатысушылардың ортақ міндеті. Жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген орындар арқылы кесіп өтуі, бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы және жолға шығар алдында көлік құралдарының тоқтағанына көз жеткізуі қажет. Өз кезегінде жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдерінде жол беру талаптарын сақтап, жол жағдайына мұқият болуы тиіс.
Жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі. Әрбір жол қозғалысына қатысушы қолданыстағы қағидаларды сақтай отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға өз үлесін қоса алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1252669?lang=ru

Жауап қалдыру